Құрылтайға кандидат: «Әділет» миллионерлердің партиясы деген сөз шындыққа жанаспайды
«Әділет» партиясына тек миллионерлер ғана жиналған» деген пікір шындыққа жанаспайды. Партия мүшелігіне ниет білдірген жүздеген мың азаматтың ішінде қаржылық мүмкіндігімен танымал санаулы ғана кәсіпкер бар. Бұл туралы «Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы ашық мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның сөзінше, қоғамда аты аталған ірі кәсіпкерлердің (мысалы, «Allur», «СарыарқаАвтоПром», ««Qarmet» сияқты кәсіпорындарды басқаратын Андрей Лаврентьевтің) партия қатарына келуі – ұйым үшін үлкен олжа.
«Ірі кәсіпорындарда жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ондай мекемелерді басқарып отырған азаматтар өндірістің де, экономиканың да жағдайын, халықтың тұрмыс-тіршілігін іштен жақсы біледі. Біз үшін олардың тәжірибесі, білімі мен үлкен ұжымды ұйымдастыру қабілеті өте маңызды», – дейді Рауан Кенжеханұлы.
Сондай-ақ Кенжеханұлы партияға тек ірі бизнес өкілдері емес, солардың соңынан ерген өңірдегі қарапайым еңбек ұжымдары да белсенді тартылып жатқанына назар аударды. Әрі Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстары және өзге де аймақтардағы кәсіпорын қызметкерлері бағдарламаны әзірлеуге де, ұсыныстар айтуға да қатысқан.
«Бүгінде шамамен 700-800 мыңға жуық азамат партияға мүше болуға немесе оны қолдауға ниет білдірді. Соның ішінде бес-алты адам ғана қоғамға белгілі, қаржылық мүмкіндігі бар ірі кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан партия – ортақ идея мен құндылыққа сенетін азаматтардың бірлестігі», – деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Рауан Кенжеханұлы жуырда «4Власть» ютуб каналына сұхбат берген болатын.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.