Тірі баланы “өлді” деп бал ашқан көріпкелді қазақстандықтар жазалауды талап етіп жатыр
Елордада 15 жастағы қыз жоғалып кеткенде әлеуметтік желіде өзін көріпкелмін деп таныстырған әйел жасөспірімнің ажал құшқанын айтқан. Алайда қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz “Информбюро” арнасына сілтеме жасап.
“Адамгершілікке жатпайды”
Қыз хабар-ошарсыз кеткенде еріктілер мен полиция іздестіруге кіріскен. Арада біраз уақыт өткен соң полицейлер қызды аман-есен тапқан. Енді желі қолданушылары жалған мәлімет таратты деп көріпкелдің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
“Қалайша осылай жазуға болады? Бұл әдепке де, адамгершілікке де жатпайды”
“Оған “мұндай парақшалар әлеуметтік желіде болмауы керек” деп жазған соң, ол мені бұғаттап тастады”
“Көріпкел болсаң, өз тарапыңа осындай лепес қаптайтынын білуің керек еді ғой. Масқара!
“Қыздың жақындарына деген титтей болсын жанашырлық болу керек қой”, – деді желідегілер.
“Құқықтық баға берілуі керек”
Көпшілік құзырлы органдарды “көріпкел” әрекетіне құқықтық баға беріп, мұндай мәлімдемелер үшін жауапкершілік қарастырылған-қарастырылмағанын анықтауға шақырды.