Спорт

Шавкат Рахмонов биыл жекпе-жек өткізбейді – бапкері

Рахмоновтың жеке бапкері Эдуард Базровтың сөзінше, спортшының қазіргі жағдайы толыққанды жаттығу өткізуге мүмкіндік бермей тұр, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бапкері не дейді

Бірақ дәрігерлер оған жаттығу жасауға тыйым салып отырған жоқ. Ал спортшының өзі уақыт өткен сайын оңалып келеді.

Қазір Рахмонов аяғындағы жарақаттан соң қалпына келу кезеңін өтіп жатыр. Ол күніне бір рет жаттығып, физикалық дайындық пен бокс жаттығуларын жалғастыруда, – деді Базров.

Толыққанды жаттығуға қашан кіріседі

Шавкаттың октагонға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз. Бапкерлер штабы спортшы келер жылдың басында толыққанды дайындыққа кіріседі деп үміттенеді.

Эдуард Базровтың сөзінше, егер оңалу процесі сәтті өтсе, Рахмонов 2027 жылдың ақпан айында жекпе-жекке толық дайын болуы мүмкін. Алайда нақты мерзімді әзірге айту қиын, себебі әр спортшы жарақаттан соң әртүрлі уақытта қалпына келеді.

Мықты қарсыласпен шығуы мүмкін

Бапкер Шавкат Рахмонов толық бабына келген соң алғашқы жекпе-жегінде-ақ мықты қарсыласпен жолығуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, Шавкат бұған дейін UFC рейтиңінде екінші орында тұрғандықтан, оған кем дегенде үздік ондықтағы, тіпті үздік бестіктегі спортшы қарсылас болуы ықтимал.

Back to top button