Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 28–30 шілдеге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және кей жерлерде бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Шығыс Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады
Синоптиктердің болжамынша, ең күрделі ауа райы Шығыс Қазақстан облысында қалыптасады. Өңірде қатты нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады
Елдің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын болмайды деуге болады. Бұл аймақта Иран аумағынан келетін құрғақ әрі ыстық ауа массаларының ықпалы сақталып, кезекті аптап ыстық толқынын әкеледі.
Ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі
Жекелеген өңірлерде жауын-шашын болғанына қарамастан, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріле береді. Синоптиктердің мәліметінше, күндіз:
- солтүстікте ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін;
- оңтүстікте +33…+44 градусқа дейін ысиды.
Батыс өңірлерде қатты ыстық күтілмейді
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, батыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай көтерілуі күтілмейді
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер шілде – ең ыстық ай болатынын болжағаны туралы жаздық.