Алматы қаласында екі адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы апатта екі қыз оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Апат қалай болды
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеге қараған түні Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Suzuki маркалы автокөлігі кері бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz Geländewagen (G-Class) көлігімен соқтығысқан.

Соққы салдарынан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Suzuki көлігіндегі тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Қылмыстық іс қозғалды
Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.