Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Екібастұздағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген әйел адамның денесі табылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Есікті бұзып кірген
Қаланың Әуезов көшесі, 24-ші үй мекенжайындағы пәтерлердің бірінің есігін полицияның жедел-құтқару жасағын құтқарушылары бұзып кіруге мәжбүр болған. Пәтер ішінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің мүрдесі (аяқ-қолының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылды.
Тергеу жүріп жатыр
Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
“Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталаады, – деді өңірлік полиция департаментінен.
Полицейлер қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.