Жаңалықтар

“Үш шай мен екі порция бауырсақ 15 мың теңге”: Шарынға барған турист қымбатшылыққа таңғалып қайтты

Сабина Жамалбекова атты азамат Шарын шатқалына демалуға барып, мейрамханадағы бағаға таңғалып қайтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сөзінше, ол “Тары” мейрамханасына барған.

“Осы жердің тәтті бауырсағы мен шайы жақсы екенін естіген едік. Дәмін татып көрсек дедік. Үш адамға тапсырыс беріп едік, шот бізде 15 мың теңге шықты. Әлбетте, бізде неге туризм дамымайды деп сұрақ көтерген кезде не себепті дамымайтыны осыдан-ақ белгілі. Шайдың өзі 3 мың теңгеден асса, 5700 теңгелік бір порция бауырсақтың әрбірінен 9 бауырсақтан шықты. Бауырсақ дәмді, сөз жоқ. Түбіртекті қараңыз. Бауырсақ салынған қаптаманың өзін 300 теңгеге бағалайды екен. Қаптамасының өзін жеке дара бағалап отырсаңыздар, қайдағы туризм жайлы әңгіме айтып отырсыздар. “Тары” иелері ойлансаңыздар деймін. Мұндай бизнестің болашағы жоқ”, – дейді турист.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Казахстана | Что Павлодар? (@what_pavlodar)

Back to top button