TOP-2Геосаясат

Кремль Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтату туралы ұсынысына жауап берді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы соғысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Песков не дейді

Дмитрий Песковтың айтуынша, Омбыда өткен кездесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа “Украинадағы жағдайға қатысты Ресейдің ұстанымын егжей-тегжейлі түсіндірген”. Журналистердің Тоқаевтың ұсынысына Путиннің қалай жауап бергені туралы сұрағына Песков бұл мәселенің шынында да талқыланғанын растаған.

Сонымен қатар ол қазіргі жағдайда мұндай бастаманы жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтқан.

«Киевтің қазіргі ұстанымын ескерсек, қақтығысты жай ғана уақытша тоқтату мүмкін емес», – деді Песков.

Оның сөзінше, егер Украина «тиісті шешімдер қабылдаса», қақтығысты тәулік соңына дейін тоқтатуға мүмкіндік бар.

Тоқаев Путинге не деді

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президентімен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді.

«Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, болып жатқан жағдай қарсыластарға тиімді және оларды қуантпауы мүмкін емес. Ресейдің де, Украина мемлекетінің де» – деді ол.

Қазақстан президенді өзіне Еуропа мен АҚШ-тан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты көп белгі түсіп жатқанын айтты. Ол сонымен бірге “бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз, оның ішінде бізге де” деді.

Back to top button