TOP-1Геосаясат

Тоқаев Путинге Украинадағы соғысты уақытша доғаруды ұсынды (Видео)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президентімен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, болып жатқан жағдай қарсыластарға тиімді және оларды қуантпауы мүмкін емес. Ресейдің де, Украина мемлекетінің де” – деді ол.

Қазақстан президенді өзіне Еуропа мен АҚШ-тан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты көп белгі түсіп жатқанын айтты. Ол сонымен бірге “бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз, оның ішінде бізге де” деді. Тоқаевтың сөзінше, мысалы Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстың ұзақ әрі түсінікті қисыны бар.

“Аляскада барынша дипломатиялық икемділік танытқаныңызды білеміз. Бұл менің қарапайым пікірім. Бәлкім, қақтығысты уақытша доғарып, стамбұлдық 2.0 формуласына оралған жөн шығар. Әрине, АҚШ сияқты алып державалардың кепілдігімен. Мен араағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын” деді Тоқаев.

Ал Путин Тоқаевты Украина бойынша істердің барысы туралы хабардар етіп отыруға уәде берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button