$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЭксклюзив

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 40-тан аса қылмыскерді өз елдері қабылдамай қойды

Қазақстан түрмелерінде қазір 22 елдің азаматы жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz

Депутат Абзал Құспанның ресми сауалына берген жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов қазір ҚАЖ мекемелерінде Қазақстан Республикасы сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасқан 22 елден (Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан, Түркия, Қытай, Иран, Греция, Германия, Бангладеш, Ұлыбритания, Филиппин) 1085 шетелдік азамат жазасын өтеп жатқанын хабарлайды.

Соңғы 2 жылда Қазақстан Бас прокуратурасына сотталғандардан өздері қай елдің азаматы болса, сол елге беруді сұрап, 302 өтінішхат түскен, олардың 229-ы қанағаттандырылған, жәбірленушілердің пайдасына өтелмеген талап-арыздардың болуына байланысты 73-іне бас тартылды, – дейді жауабында Бектенов.

Бұл ретте өз мемлекетінің елдеріне беру туралы өтініш білдірген 44 сотталушыға қатысты тиісті елдер оларды қабылдаудан бас тартқан. Сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу мақсатында беруді бастауға олардың өз еркімен ерік білдіруі негіз бола алады.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button