Экономика

АҚШ енгізген 12,5% баж: Қазақстан экспорттың 95%-ына бұл шара әсер етпейтінін мәлімдеді

Қазақстанның сауда министрлігі АҚШ-тың қосымша кедендік баж енгізу туралы шешіміне байланысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Қазақстан сауда министрлігінің ұстанымы

Министрлік 2026 жылдың 23 шілдесінде АҚШ 1974 жылғы сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылдағанын атап өтті. 2026 жылдың 24 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізіледі. Бұл шара АҚШ сауда өкілдігі бекіткен ерекше тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларға қолданылмайды.

“Бұған дейін қолданылып келген 10% мөлшеріндегі уақытша импорттық үстеме белгіленген 150 күндік мерзімнің аяқталуына байланысты өз күшін жойды. Осыған байланысты бұрынғы үстеме жаңа кедендік бажға қосылмайды. Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің есептеулеріне сәйкес, Қазақстанның АҚШ-қа экспортталатын өнімдерінің шамамен 95%-ына қосымша кедендік баж бұрынғыдай қолданылмайды. Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерін қорғау және өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу мақсатында АҚШ тарапымен өзара іс-қимылды жалғастырып келеді”, – делінген хабарламада.

АҚШ-тың Қазақстан енгізген бажы

АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша 12,5% кедендік баж салығын енгізді. Жаңа тариф 24 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл шешім Қазақстанмен қатар тағы 59 елге қатысты қабылданды. АҚШ билігінің түсіндіруінше, жаңа шара Вашингтонның бағалауынша, бірқатар мемлекеттердің мәжбүрлі еңбекпен өндірілген өнімдердің импортына тыйымды мүлде енгізбегеніне немесе оны жеткілікті деңгейде орындамай отырғанына байланысты қабылданған.

Back to top button