
Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атты деп айыпталған Ернар Жиенбайдың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz
«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиенбай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға оқталғаны үшін айыпталып жатқан сот отырысы бүгін басталды. Ол сотта Руслан Берденов “қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбековті жала жабуға мәжбүрлегенін” мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Берденов маған шарт қойды: егер мен сотта Сыздықбеков “киллер ретінде мені жалдады” деп айтсам, ол сені кешірем деді», – деді Жиембай сәрсенбі күні сотта.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл әкімдік ғимараты жанында жасалған. Оған шұғыл ота жасаған дәрігерлер шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын мәлім еткен еді.
Берденов еңбек жолын белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың компаниясында бастап, өзі де бизнеске бет бұрған. Дәріхана, мейрамхана салаларында бизнесі бар. Екі жыл мәжілісте депутат болып, парламент өкілі ретінде букмекерлік кеңселерге қарсы күрес жүргізуімен көптің есінде қалды.