Жаңалықтар

Тамызда бірқатар облыста қуаңшылық болуы мүмкін

Синоптиктердің алдын ала болжамына сәйкес, тамыз айында Қазақстанның кей өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құрғақшылық қай аудандарды қамтиды

Ресми ақпаратты «Қазгидромет» бөлісті. Олар қуаңшылық мына өңірлердегі кей ауданда болуы мүмкін дейді:

  • Батыс Қазақстан облысы – Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар, Ырғыз аудандары;
  • Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
  • Жетісу облысы – Алакөл және Ақсу аудандары;
  • Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандары;
  • Түркістан облысы – Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандары;
  • Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.

Синоптиктер ескертуі

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев пен Есіл аудандарында, Қостанай облысындағы Ұзынкөл мен Қамысты аудандарында ылғалдану деңгейі қалыптыдан сәл жоғары болуы мүмкін.

«Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады», – деді «Қазгидромет» өкілдері.

Мамандар бұл болжамның алдын ала жасалғанын, қажет болса нақтыланатынын алға тартты.

Back to top button