TOP-1Жаңалықтар

Қазақстан шілдеде Ресейге шамамен 5 мың тонна бензин жеткізді – Reuters

Қазақстан шілде айының басынан бері Ресейге шамамен 5 мың тонна автобензин экспорттады. Бұл туралы Reuters агенттігі саладағы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Ресейде жанармай тапшылығы сақталып отыр

Дереккөздердің мәліметінше, Ресейде бензин өндірісі үшінші ай қатарынан ішкі сұраныстан қалып келеді. Шілде айында бұл айырмашылық 700–800 мың тоннаға жеткен. Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак сейсенбі күні көптеген өңірде енгізілген шектеулердің біртіндеп алынып жатқанын мәлімдеген. Алайда оның айтуынша, жекелеген аймақтарда жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр.

Жанармай тапшылығын жою үшін Ресей Қазақстаннан бөлек Беларусь пен Үндістаннан да бензин импорттап жатыр.

Қазақстаннан бензин қай өңірлерге жөнелтілді

Дереккөздердің бірінің айтуынша, Қазақстандағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты шілде айында Еділ бойы өңірі мен Мәскеу облысына 5 мың тонна автобензин жөнелткен. Оның ішінде шамамен 1 мың тоннасы шілденің алғашқы онкүндігінде жеткізілген.

Ресейдені бензин тапшылығы

Украина әскері Ресейдің бірнеше мұнай зауыттарын дрондармен атқылап, істен шығарған. осы себепті Ресей үкіметі шетелден бензин сатып алатын мұнай компанияларына субсидия беруді көздейтін салық кодексіне түзетулер әзірледі. Ресейдегі бензин тапшылығы ішкі тұтыну көлемінің шамамен 20 пайызына жетіп отырғанын бұған дейін DW хабарлаған еді.

Ресей билігі елдегі жанармай тапшылығын жабу үшін Үндістаннан бензинді жаппай импорттауды жоспарлап отыр. 

Back to top button