TOP-2Оқиға

30 жыл бұрын зорланғанын айтқан Наташаның қызы АҚШ-тан келіп, ДНК тапсырмақ

Наташа Қалымбетова Батыс Қазақстанда осыдан 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бұл күнде соттасып жүр. Ол бұған дейін 17 жасында 4 ауылдасы тарапынан зорланғанын айтқан. Кейін осы қайғыны өмір бойы жүрегіне жүк қылып, шетелде өмір сүрген. Бүгін ол өз ісі жайлы қуанышты жаңалықты айтып, өз үні билікке жеткенін, орнынан қозғалмаған іс бойынша сең бұзылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Наташа Қалымбетова не дейді

Төрт айдан бері жан жарасын қозғап, желіде өз проблемасын көтерген Наташа іс өлі нүктеден қозғалғанын айтады. Сөзінше, өзі тапсырған биоматериал АҚШ-тағы қызымен сәйкестестіндіру үшін сол елге жеткізілген. Енді Наташаның америкалықтар асырап алған қызы биоматериалдарын тапсырады. Содан кейін қызы АҚШ-тан Қазақстанға келеді.

“Сол себепті маған АҚШ-қа барудың қажеті қалмады. Мен іс сотқа қашан жететінін күтемін. Соттасып, дәлелдеп, бәрін көрсетіп, сотта жеңгім келеді. Біздің үніміз жетті. Бірнеше жыл бұрын мен және мен қатарлы әйелдердің, қыздардың үні билікке жетті ме? Дәл қазір үнімізге құлақ аса бастады. Сталкинг жайттары бар. Бірнеше жыл бұрын қазақтар ондай қылмыс, ол үшін жаза барын білген де жоқ. Мені ренжітті. Енді жетеді. Әділеттілік бар. Президент үнімді естіді”, – деді Наташа Қалымбетова.

Қалымбетованың оқиғасы

Наташа Қалымбетованың 30 жыл бұрын болған қылмыс туралы әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Видео авторының айтуынша, оқиға осыдан 30 жыл бұрын, ол кәмелетке толмаған кезде және өңірдегі елді мекендердің бірінде тұрғанда болған. Әйел бірнеше ер адамның зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлім еткен. Ол бейнежазбада ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарына жүгінбегенін және елден кетіп қалғанын айтқан еді. Кейін шетелге көшіп кеткен.

Оның сөзінше, жарияланымнан кейін полиция өкілдері онымен байланысқа шыққан. Әйел Қазақстанға келіп, кінәлілерді жауапқа тартуды көздеп отыр.

Back to top button