Мені Мәсімов ығыстырды – Ертісбаев
Қазақстан халық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында өзін билік жүйесінен ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ығыстарғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ертісбаев 2013 жылдан кейін басқа мемлекетке елші болып кеткенін айтады.
“Ашығын айтсам, мені Мәсімов ығыстырды. Президент әкімшілігіне ол барғаннан кейін мені ол жерден көргісі келмеді. Жүрегіме жүк түсіп кеттім, бірақ тағдырға қазір шексіз ризамын, себебі мен екі елге барып қызмет етіп, дипломатиялық қызметтің не екенін түйсіндім. Ол құпияларды бүгін айта аламын”, – дейді ол.
Ертісбаев 2008 жылы Назарбаев өзін мәдениет және ақпарат министрі қызметінен алып тастағанын айтады. Сол тұста Назарбаев оған ашық түрде ол лауазымды Мұхтар Құл-Мұхамедке беретінін айтқан көрінеді.