Без рубрики

Украинадағы кадрлық бетбұрыс: Зеленский әскердің бас қолбасшысын ауыстырды

Украина қарулы күштерінің жаңа бас қолбасшысы болып 43 жастағы генерал Михайло Драпатый тағайындалады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кадрлық өзгерісті 21 шілде кешке Украина президенті Владимир Зеленский жария етті.

Кім кетті, кім келді

2024 жылдың ақпанынан бері Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып келген 60 жастағы генерал Александр Сырский қызметтен босатылды. Украина президентібұл шешімді қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Евгений Хмарамен және президент кеңсесі басшысының орынбасары Павел Палисамен бірлесіп қабылдағанын мәлімдеді. Зеленский барлық шешім 22 шілдеде “ресми түрде” қабылданады, Украина қарулы күштері бас штабының құрылымы “жаңартылады” деді.

Осылайша, Михайло Драпатый бас қолбасшы қызметіне келді.

Ел ішіндегі наразылық

Украинаның жоғарғы әскери басшылығындағы ауыс-түйіс қоғамда үлкен наразылық акциялары жалғасып жатқан шақта жасалды. Шеруге шыққан жұрт бұған дейін қорғаныс министрі лауазымынан босатылған Михаил Федоровты қызметіне қайта алуды және Сырскийді бас қолбасшы қызметінен босатуды талап етті. Сейсенбіде Зеленский бұрынғы қорғаныс министрі Федоровпен қайта кездескен. Бұған дейін Федоров армия мен оны жабдықтау мәселелеріне және басқару стиліне байланысты әртүрлі көзқараста болғандықтан Сырскиймен арасында келіспеушілік барын мәлімдеген еді. Мұны Зеленский де растаған.

Михайло Драпатый Украинаның әскери оқу орнын тәмамдаған. Сарапшылар оны ресейшіл сепаратистер Донбассты бөліп алмақ болып бүлік шығарған 2014 жылдан бері Украинаның тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығы үшін күресіп жүрген тәжірибелі қолбасшы деп сипаттайды.

Back to top button