Оқиға

Өскеменде жасөспірімдер мінген көлік аударылып, өртеніп кетті: екі адам көз жұмды

Өскемен қаласында кәмелетке толмағандар мінген жеңіл автокөлік жол апатына ұшырап, салдарынан екі жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көлік аударылып, өртеніп кеткен

Қала прокуратурасының мәліметінше, қайғылы оқиға 17 шілде күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің тізгініндегі кәмелетке толмаған жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі кедергіге соғылған. Соққының салдарынан автокөлік аударылып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан көлікте болған екі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал көлікті басқарған жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Прокуратура ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмағандардың автокөлік кілттеріне еркін қол жеткізуіне жол бермеуге және олардың көлікті өз бетінше басқаруына қатаң түрде тыйым салуға шақырды.

Back to top button