Жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірлерінде жүргізуші куәлігі ең көп берілді

Жыл басынан бері 337 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан өңірлерінде берілген жүргізуші куәліктерінің санына қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қай қала көш бастап тұр

 «Алғашқы жартыжылдықта 337 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды. Бірі үшін бұл – көлікті өз бетінше басқаруға жасалған алғашқы қадам болса, енді бірі үшін құжатты кезекті рет ауыстыру болды. Сондықтан бұл қызмет қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып қала береді», – деп жазылған мемлекеттік корпорацияның хабарламасында.

Жүргізуші куәлігін ең көп рәсімдегендер – Алматы қаласының тұрғындары. Мұнда 75 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін алған.

Екінші орында – Шымкент қаласы. Мұнда 46 мыңнан астам жүргізуші куәлігі рәсімделген.

Үздік үштікті Түркістан облысы түйіндейді. Өңірде 25 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілген.

Одан кейін Астана қаласы – 22 601 және Қарағанды облысы – 20 мыңға жуық жүргізуші куәлігімен көш бастап тұр.

Жүргізуші куәлігіне сұраныс жоғары

«Бірі үшін бұл – көлікті өз бетінше басқаруға жасалған алғашқы қадам болса, енді бірі үшін құжатты кезекті рет ауыстыру болды. Сондықтан бұл қызмет қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып қала береді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Back to top button