ЕрекшеЭкономика

Қазақстанда доллар 4 теңгеге арзандады

5 тамызда АҚШ валютасы 4 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 537,53 теңгені құрап, 3,98 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 тамызға белгілеген ресми бағамы — 1 доллар үшін 541,82 теңге.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы — 537,43 теңге, сату бағамы — 539,64 теңге. Ал Астанада америкалық валютаны орта есеппен 534,72 теңгеге сатып алып, 541,54 теңгеге сатып жатыр.

ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ИНТЕРВЕНЦИЯСЫ

Еске сала кетейік, доллар бағамы 550 теңгеге барғаннан кейін Қазақстанның Ұлттық банкі биыл 30 шілдеде интервенция жүргізуге мәжбүр болған еді. Арада екі күн өткеннен кейін Ұлттық банк доллар бағамын ұстап тұру үшін 125,6 млрд доллар жұмсағанын хабарлады. 

Ресми мәліметке сүйенсек, шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 млрд АҚШ долларын құраған.

Back to top button