Әйелдерге арналған түзеу мекемелерінде өзгеріс болуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару-жүйесі мекемелерінің ішкі тәртібі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Өзгерістер әсіресе әйелдердің тұру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Сонымен жобада қарастырылып отырған негізгі өзгерістер мыналар:
-
Кішкентай балалары бар сотталған әйелдер үшін жеке күн тәртібін әзірлеу;
-
Жүкті әйелдер мен 58 жастан асқандар жататын орындарды өзіне ыңғайлы уақытта пайдалана алады;
-
Моншаға аптасына екі рет бару мүмкіндігі;
-
Тексеріс пен сапқа тұруды ғимарат ішінде өткізу үшін температураны (-20°C-тан төмендегенде) нақтылау;
-
Сырттан әкелінген «сәлемдемелердің» салмағы ретінде есептелмейтін жеке гигиена заттары мен балаларға арналған күтім құралдарының тізімін бекіту;
-
Балалармен қысқа мерзімді кездесулерді ортадағы кедергілерді алып тастап өткізу;
-
Балаларымен күнделікті телефон арқылы сөйлесу құқығын беру;
-
Шаш күтімі үшін тұрмыстық техниканы рұқсат етілген заттар тізіміне қосу.
Құжат «Ашық НҚА» сайтына жарияланды. 19-шы тамызға дейін қоғамдық талқылауда болмақ.