Су шашып, тегін балмұздақ таратты: Шымкенттегі тренд Шуда жалғасты (Видео)

Қазіргідей аптап ыстық көпшілікке оңай тиіп жатқан жоқ. Термометр көрсеткіші 45 градусты көрсетіп, тіпті отандастарымызға ескерту хабарламалары да келді. Күні кеше Шымкент қаласында тұрғындарға су шашу үрдісі бастау алып, Әулиеата аймағына жетті. Аталған бастама Шу ауданында да өткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Нақтырақ айтқанда, «Шу медиа ақпараттық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Шу қаласындағы «Жеңіс» саябағында балаларға жасанды жаңбыр жауғызып, тегін балмұздақ таратылды. Өңіріміздегі №19 және №5 өрт сөндіру бөлімінің көліктерімен екі мәрте су шашылып, жеке кәсіпкерлер Татьяна Хлынина, Серік Асатов және ұйымдастырушылардың қаржысына алынған 800-ден аса балмұздақ үлестірілді.
Шараға келген тұрғындар өз әсерімен бөлісіп: «Балалардың қуанышын көрудің өзі бір бақыт екен. Осындай аптап ыстықта бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, су шашып, балмұздақ таратып жатқан ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай игі бастамалар жиі ұйымдастырылса екен» десті.
Ауданның әр елді мекендерінен келген балалар базарлыққа мәз болып, ыстықтарын басып алды. Ал ата-аналар мерекелік көңіл-күй үшін алғыстарын білдіріп жатты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram