TOP-2Жаңалықтар

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтердің кілті мен Түркияға жолдама сыйлады

Продюсер халық алдында берген уәдесін орындады.

Танымал продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Мен қазір Меруерт Өтекешованың жаңа пәтерінің есігінің алдында тұрмын. Екі жарым ай бұрын оған пәтер сыйлаймын деп уәде берген болатынмын. Қазір ол 1-2 минутта осы жерге келеді. Оған гүл, шашу, пәтердің кілтін дайындап қойдым», – деді Баян Мақсатқызы.

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешова таңданысын жасыра алмай, ризашылығын білдірді.

Продюсер Баян Алагөзова оған Түркияға жолдама сыйлап, 5 жұлдызды қонақ үйде 10 күн бойы демалуға мүмкіндік болатынын айтты. Меруерт Өтекешова Түркияға бұрын барып көрмегенін айтты.

Еске сала кетсек, Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы айына 1 млн теңгеден беретінін айтқан болатын.

Back to top button