ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан бидай импортына алты айға шектеу енгізді

Ел аумағына үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден бидай әкелуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мұндай шектеу автомобиль, су және теміржол көлігі арқылы жеткізілетін астықты қамтиды. Тиісті шешім алты ай мерзімге енгізілді. Алайда кейбір ұйым үшін ерекше жағдай қарастырылған.

Атап айтқанда, теміржол көлігімен құс шаруашылығы кәсіпорындарына, астық өңдеу ұйымдарына, лицензиясы бар элеваторларға және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясына бидай жеткізуге рұқсат беріледі.

Сонымен қатар аталған кәсіпорындар қажеттілігі үшін сырттан әкелінген бидайды ішкі немесе сыртқы нарықта сатуға болмайды.

Back to top button