Жаңалықтар

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Ол бұрын энергетика министрі, Kazenergy компаниясының төрағасы болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Болат Оралұлы Ақшолақов Серік Шәпкеновтің орнына келді. Ол еңбек жолын 1994-1995 жылдары Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған. Әрі қарай:

  • 1995-1997 – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры;
  • 1997-2001 – “Қазақойл” ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;
  • 2001-2003 – Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;
  • 2003-2006 – “ҚазМұнайГаз” ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
  • 2006-2008 –Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
  • 2009-2010 – “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2010-2011 – “PSA” ЖШС Бас директоры;
  • 2011 – “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ президенті;
  • 2012-2014 – Мұнай және газ вице-министрі;
  • 2014-2017 – “Almex Petrochemical” ЖШС Бас директоры;
  • 2016 – 2017 – “KAZENERGY” Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры;
  • 2017- 2019 – Энергетика вице-министрі;
  • 2019 – 2021 – “KAZENERGY” қауымдастығының Бас директоры;
  • 2019 – 2021 – “Almex Petrochemical” ЖШС Бас директоры;
  • 04.2021-10.01.2022 – “Самұрық-Қазына” АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2022 жылы – Энергетика министрі;
Back to top button