Көкшетауда жалақы ала алмай жүрген автобус жүргізушілері ереуілге шықты
Көкшетаудағы ірі автобус паркінің жүргізушілері жалақыны уақтылы ала алмауларына байланысты ереуілге шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЖАЛАҚЫ КӨТЕРІЛУІН ДЕП ТАЛАП ЕТТІ
Аталған ақпаратты kokshetauinform бөлісті. Соған сәйкес, 16 шілдеде таңертең қалада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС автобустары бағыттарға шықпады.
Мұның алдында кәсіпорын ұжымы басшылыққа жазбаша үндеу жолдап, 15 шілденің кешіне дейін айлық төленбесе, 16 шілде күні жұмысқа шықпайтындарын ескертіп, солай істеген.
Жүргізушілер мен кондукторлар дайындаған хатта жалақыны көтерілуін де талап еткен. Олардың сөзінше, қазіргі табыс отбасының қажеттіліктерін өтеуге жетпейді.
БАСШЫЛЫҚ НЕ ДЕЙДІ
Автобус паркінің басшылығы айлықтың кешігуін мемлекеттік субсидияның уақытында бөлінбеуімен қабыстырды.
Ал Көкшетау қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдері тасымалдаушыларға субсидия бойынша берешек жақын күндері қарастырылған қаржы шегінде өтеледі деп сендірген. Сондай-ақ тұрақты қалалық маршруттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі бақылауда екенін хабарлады.
Алайда мұндай жауап жүргізушілер мен кондукторларды қанағаттандырмады.