Жаңалықтар

“Кешірім сұраймын”: диплом жыртқанын көрсеткісі келген түлек жағдайды түсіндірді (ВИДЕО)

Дипломын жыртқанын көрсеткісі келіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен студент Дәулет Әбдірахман бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Оның айтуынша, бұл әрекет алдын ала жоспарланған. Ол шынайы дипломын емес, арнайы дайындалған жалған дипломды жыртқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ студент бұл әрекеті үшін жоғары оқу орнының басшылығынан, оқытушылардан және барша ұстаздар қауымынан кешірім сұрап, ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button