Жаңалықтар

Қытай инвесторы «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің құрамына енді

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» директорлар кеңесінің құрамы ауысты. Кеңес құрамынан Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар мен Норберт Манфред Грундке шығарылып, Пехочиньский Януш Валенти мен Чарон Вардини Бин Мохзани секілді топ-менеджерлер тағайындалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕР ТУРАЛЫ

Ху Фред Зулиу (Fred Zuliu Hu) – Primavera Capital Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және басшысы. Ол компанияның даму бағытын айқындап, әлемдік инвесторлармен серіктестік орнатуға жауап береді. Фредтің бастамасымен Alibaba, Ant Group, Yum China, ByteDance (TikTok иесі), Xpeng және SenseTime сияқты танымал алып компанияларға үлкен инвестициялар құйылды.

Мұның  алдында ол әлемге белгілі Goldman Sachs банкінің Қытай аймағындағы төрағасы және Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) экономисі болған.

ТӨРАҒА КІМ

Инвестициялық холдинг директорлар кеңесі он адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Одан бөлек, кеңес құрамына ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Қаржы министрі Мәди Такиев, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» Басқармасының төрағасы Рүстем Қарағойшин енген.

Back to top button