Жаңалықтар

«Астана-Петропавл» тасжолында көлік өртеніп, 4 адам ажал құшты

Оқиға Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданындағы Жаңаталап ауылының маңында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Желіде оқиға кезінде түсірілген видеолар тарады. Онда көліктің толығымен өртеніп кеткенін көруге болады. Желі қолданушылары апат салдарынан көз жұмғандар бар болуы мүмкін екенін жазған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі үш жолаушы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады полиция.

МӘН-ЖАЙЛАРЫ АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР

Ауыр термиялық күйік пен өзге де жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Алайда ер адам 15 шілдеДЕ сағат 05:00 шамасында қайтыс болды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалды. Құқық қорғау органдары жол апаты себептері мен барлық мән-жайларын анықтап жатыр.

Back to top button