Жаңалықтар

Теңге нығайды: доллар бағамы 469 теңгеден төмендеді

Бір тәуліктің ішінде АҚШ долларының бағамы 7,45 теңгеге төмендеді.

14 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 468,88 теңгені құрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы орта есеппен мынадай:

  • доллар: сатып алу – 468–470,5 теңге, сату – 473–475 теңге;
  • еуро: сатып алу – 535–537 теңге, сату – 540–542 теңге;
  • рубль: сатып алу – 5,50–5,82 теңге, сату – 5,84–6,30 теңге.

Ал Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 87,29 АҚШ долларын құрады.

Back to top button