ЕрекшеЭкономика

Доллар теңгеге шаққанда сәл арзандады

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысында тамыздың 1-і күні доллар бағамы 541,82 теңгені құрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жұмадан бері 1,35 теңгеге төмендеді.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа алғанда валюта курсы былай өзгерді:

  • доллар: сатып алу – 539-540 теңге, сату – 540-541 теңге;
  • еуро: сатып алу – 623-626 теңге, сату – 628-630 теңге;
  • рубль: сатып алу – 6,65-6,7 теңге; сату – 6,73-6,77 теңге.

Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерсі ICE биржасында баррель үшін 68,8 доллар деп көрсетті.

ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ИНТЕРВЕНЦИЯСЫ

Еске сала кетейік, доллар бағамы 550 теңгеге барғаннан кейін Қазақстанның Ұлттық банкі биыл 30 шілдеде интервенция жүргізуге мәжбүр болған еді. Арада екі күн өткеннен кейін Ұлттық банк доллар бағамын ұстап тұру үшін 125,6 млрд доллар жұмсағанын хабарлады. 

Ресми мәліметке сүйенсек, шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 млрд АҚШ долларын құраған.

Back to top button