Геосаясат
«Оккупацияға көнбеңдер»: Әзербайжан президенті Украинаға тағы қолдау білдірді (ВИДЕО)
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев IV Шуша жаһандық медиа форумында сөйлеген сөзінде Баку Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығын және мемлекеттік шекараларының мызғымастығын әрдайым қолдап келгенін әрі алдағы уақытта да қолдай беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Біз әрдайым Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігін және шекараларының мызғымастығын қолдадық, қолдап келеміз және қолдай береміз. Ешбір мемлекеттің шекарасы күш қолдану арқылы немесе сол ел халқының келісімінсіз өзгертілмеуі тиіс», – деді Әлиев.
Сонымен қатар, ол Украинаның оккупациямен келіспегенін және басып алынған аумақтарды мойындау шартымен соғысты тоқтатуға бағытталған қысымға қарамастан өз ұстанымынан таймағанын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram