Оның айтуынша, бұрынғы келіншегі ажырасқан соң да ізіне түсіп, қысым көрсетіп келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
ЗАҢГЕР НЕ ДЕЙДІ
Аталған оқиға екі жыл бұрын басталған. Ер адам ажырасқан соң бұрынғы әйелі мазалай бергенін айтқан. Қоңырау шалып, соңына түсіп, жиі жанжал шығарған. Заңгерлер бұдан сталкинг белгілері байқалады деп отыр. Ер адам тәртіп сақшыларына да жүгінген екен. Олар “ер адамсың ғой, кешіре сал” деп жаба салған көрінеді.
“Ер адам тарапынан ешқандай құқықбұзушылық болмаған. Балағат, былапыт сөздер айтылмады. Бұған дәлел бар. Сөйтсе де құзырлы органдар тиісті әділ шешімін шығармаған. Сондықтан бізге жүгінді. Қазір бұл жерде бала мәселесі қарастырылып жатыр. Одан кейін азаматтың жеке басы қауіпсіздігі сталкинг бойынша және ол адам екі жылдан соң жаңа отбасы құру мақсатында бір азаматшамен сөз байланысады”, – деді заңгер Нұрсұлтан Орынбеков.
ЕКІ БАЛАСЫН ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР
Қазір ер адам өзіне қатысты барлығы заң аясында әділ қаралуын талап етеді. Айтуынша, екі баласын өзі тәрбиелеп отыр. Бұдан былай бұрынғы жұбайы мазаламаса дейді.
Заңгерлер сөзінше, сотта әр тараптың өз дәлелін ұсынуға мүмкіндігі болуы керек. Бірақ ер азаматтарға қатысты істер қаралғанда уәждердің толық тыңдалмайтынын айтады. Мамандар сталкинг пен қысым көрсету мәселесінде заң ер мен әйелге бірдей қолданылуы қажет дегенді алға тартады. Сосын құқықбұзушылық дәлелденсе, жауапкершілік бәріне ортақ болуы тиіс.