Жаңалықтар
Мұнай бағасы тағы қымбаттады
Сарапшылар нарықтағы өсімге Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі әсер етті деп бағамдап отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
13 шілде таңертеңгі жағдайға сәйкес Brent маркалы мұнай бағасы 3,04 долларға өсіп, бір баррелі 79,05 долларға жетті. WTI маркалы мұнай фьючерстері бағасы да 2,92 долларға көтеріліп, барреліне 74,33 доллар болды.
Ресейдің Urals маркалы мұнайының баррелі 55,12 доллардан саудаланды.
Сарапшылар нарықтағы өсімге Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі әсер етті деп бағамдады.