ЖаңалықтарОқиға

Алаяқтар басшылардың атын жамылып ақша сұрап жатыр – ІІМ ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.

Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алаяқтар директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандайда бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді.

«Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін», – деді ІІМ өкілдері.

Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз:

  • ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
  • міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз;
  • телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз;
  • үмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.
Back to top button