Жаңалықтар

Қазақстаннан Түркияға ұшақтар енді жеті есе жиі қатынайды

ҚР Көлік министрлігі мәліметінше, осы арқылы жолаушылар екі ел арасындағы әуе қатынасын күн сайын дерлік пайдалана алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Түркияның AJet әуе компаниясы Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттарындағы рейстер санын арттырады.

Ведомство ақпаратынша, осы жылдың тамызынан бастап аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша ұшу жиілігі аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін көбейтіледі.

Осылайша, жолаушылар Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын күн сайын дерлік пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Рейстер санының артуы мемлекеттер арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуына оң әсер етеді деп күтіліп отыр.

Back to top button