TOP-2Жаңалықтар

Бишімбаевтың ісіндегі Аймағанова прокуратурадан кетті

Прокурор Айжан Аймағанова қызметінен кетті, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

“Соңғы күндері әлеуметтік желілерде менің «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат болып ұсынылғаным туралы ақпарат қызу түрде талқылануда. Осы жағдайға байланысты өз атымнан түсініктеме беруді жөн көрдім. Мен ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында заңға, мемлекетке қызмет етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жұмыс істедім. Кандидат болып ұсынылыма байланысты мен прокуратурадағы жұмысымнан шықтым. Бұл – заңның талабы, мен оны толық орындадым”, – дейді ол.

Аймағанова бұл шешімді мен саналы түрде қабылдағанын, өзінің кәсіби тәжірибесі мен білімі заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы бола алатынына сенімді екенін айтты. Жұртшылықтың қолдауы мен ықыластарына алғыс айтады.

Back to top button