TOP-2Жаңалықтар

Бетке ұстар депутат болдым — Базарбек Мәжілісте бар күш-жігерін салғанын айтты

Экс-депутат Бақытжан Базарбек Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне ілінбеген соң желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Парламенттен кеткен кезде Бақытжан Базарбек алдағы сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді. Алайда еш партияға кірмей, Құрылтайдан тыс қалды.

”Парламенттегі үш жарым жылдық қызметімде еліме және халқыма адал әрі принципшіл түрде қызмет етуге бар күш-жігерімді салдым. Бетке ұстар Парламент депутатына айналдым. Егер осы жолда халықтың сенімі мен құрметіне ие бола алсам, онда бұл еңбегімнің зая кетпегені.

Енді мен еркінмін және мен үшін жаңа кезең басталады. Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Өмірдегі әрбір кезең – жолдың соңы емес, жаңа белесі”, – дейді ол.

Депутат өзіне сенім артқан, қолдау білдірген және әрдайым жанынан табылған бар азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Back to top button