ЖаңалықтарОқиға

Астанада мешітте ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астанада полиция қызметкерлері қаладағы мешіттердің бірінде ұялы телефон ұрлаған адамды ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, таңертең ерте ер адам таңғы намазға келген. Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтте мешітке келген басқа адам өз әрекетін ешкімнің байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият болуға және қоғамдық орындарда бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Back to top button