ЖаңалықтарҚоғам

Жүргізушілерге ескерту: Тағы бес жол учаскесінде бақылау жүйесі іске қосылады

2026 жылғы 10 шілдеден бастап автожолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмысын бастайды.

2025 жылғы 17 наурыздан бастап орташа жылдамдықты бақылау республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы шамамен екі мың шақырымды құрайтын сегіз учаскесінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 10 шілдеден бастап бұл жүйе жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылады, олар: Ақтөбе – Қандыағаш, Алматы – а Қорғас, Көкшетау – Петропавл, Астана – Теміртау және Астана – Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылуда.

Статистикаға сәйкес, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

Back to top button