«30 секундтық биді 2 сағат көрдім»: Астанадағы зейнеткерлердің биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Астана қаласындағы Есіл ауданына қарасты Жетісу саябағында апта сайын зейнеткерлерге арналған би кеші өтуде.
Би кеші зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды әлеуметтендіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жазғы маусымдық би кеші былтырдан бері аптаның әр серсенбісі күні кешкі 17.00-19.00 аралығында өтіп жатыр. Саябақта егде жастағы адамдардың көңіл көтеріп, билеп жүрген көріністері әлеуметтік желідегі оқырмандардың көңілінен шығып, таңданыс тудырды.
«Би, қозғалыс – өмір! Қандай керемет адамдар! Әдемі билейсіздер екен!»,
«30 секундтық биді 2 сағат қарап отырмын, Билегенде елітіп алып кетесіздер екен. Қазір осылай билеп жүрсеңіздер, жас кездеріңізде тіптен көңілді, өмірге құштар болған шығарсыздар! Астана жасы ұзақ болатындардың қаласы болады»,
«Астанадағы би кеші – бақытты өмірдің көрінісі. Сіздерге қарап қызығып кеттім, мен де қазір билеймін!» деген пікірлер жазды әлеуметтік желі қолданушылары.