Жаңалықтар

Түркияда 18 жастағы қазақстандық бойжеткен көз жұмды

18 жастағы Қазақстан азаматы Түркияның Анталия қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Бұл туралы марқұмның туыстары мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Туыстарының айтуынша, бойжеткен Анталиядағы қонақүйлердің бірінде өндірістік тәжірибеден өтіп, аниматор болып жұмыс істеген. Сол түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсеткенін хабарлады. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге қолдау көрсетілген.

Сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, қазақстандық азаматтың қаза болу жағдайы Анталиядағы Қазақстанның Бас консулдығының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен тиісті өзара іс-қимыл жалғасып жатыр.

Back to top button