
Ғарышкер әрі Халық қаһарманы, экс-депутат Талғат Мұсабаев көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ғарышкер 74 жасында өмірден өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
МҰСАБАЕВ ЖАЙЛЫ
Талғат Мұсабаев ғарыш кеңістігіне аттанған үш қазақтың бірі. 1951 жылы Жетісу өлкесіндегі Қарғалы ауылында дүниеге келген. Кеңестік авиация мектебін тәмамдап, сынақшы-ұшқыш болған. Мұсабаев 1994 жылы – алғаш рет “Союз ТМ-19” кемесімен ғарышқа көтерілді. 1998 жылы “Союз ТМ-27” арқылы 207 күндік миссияны абыроймен атқарып шықты. Ал 2001 жылы халықаралық ғарыш стансасына туристік сапармен ұшып, әлемдегі алғашқы ғарыш туристін ертіп апарған командир ретінде тарихта қалды.
Ол ғарышта 341 күнін өткізді. Бұл – қазақстандық ғарыш тарихындағы рекорд. Одан бөлек, ашық ғарышқа 7 рет шығып, 41 сағаттан астам уақыт жұмыс істеді.
Ғарыш сапарларынан кейін Мұсабаев 2007–2016 жылдары “Қазғарыш” агенттігін басқарды. Осы кезеңде елде отандық спутниктер ұшырылып, ғарыш инфрақұрылымы қаланды. Кейін сенат депутаты болды, ғылым мен білім мәселелерін көтерді.