TOP-1Жаңалықтар
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сот мәліметінше, Данияр Елеусінов алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған. Ол көлігімен жерасты автотұрағы қақпасының тіреуіне соғылып, кейін екі автокөлікпен соқтығысқан.
Сот отырысында Данияр Елеусінов өз кінәсін толық мойындаған.
Сот қаулысымен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жол апатына себеп болды деген күдікпен ұсталған еді.