$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеОқиға

Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанаттың ісі тоқтатылады

Адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында бір топ жігіттің қолынан көз жұмған Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылатынын жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

2024 жылы 9 желтоқсанда Талғар шетіндегі зират маңынан Нұрқанаттың денесі табылған еді. Ол түнде үйінен шығып кеткен. Таңертең ағаш түбінде асылған күйіндегі денесі табылған. Полиция сол тұста Нұрқанаттың өз-өзіне қол салғаны турасында ақпарат таратқан. Алайда Шерзаттың әкесі Қаржаубай бұл нұсқаға сенбей, наразылық білдіріп, полицияға қарсылық көрсетіп, сол үшін әкімшілік жазаға тартылған-тын.

Шерзат Полаттың сотында Нұрқанаттың тергеу кезіндегі берген жауаптары жарияланып, берген жауаптары оқылған. Сол жауаптар сотта маңызды материал ретінде іске тіркелген еді.

ҮКІМ 

Айта кетейік, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі шегіне жеткен. Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл; Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда); Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button