ЖаңалықтарТергеу

Атырауда әріптесін көлік капотымен сүйреген бойжеткенге үкім шықты

Атырау қалалық соты полиция қызметкері, 23 жастағы Сымбат Таңатароваға үкім шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Atyrau.today-ке сілтеме жасап.

СОТ ТАҒАЙЫНДАҒАН ЖАЗА

Іс материалдарына сәйкес, Таңатарова бұрынғы әріптесі Қанат Ершанмен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде ер адам Таңатарова жүргізген көлік капотында жатқан. Соған қарамастан, бойжеткен көлік жүргізіп, бір сәтте тоқтай қалған кезде Ершан жерге құлап, ауыр жарақат алған

Сот Сымбат Таңатарованы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп танып, оған алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Дегенмен ол Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заң негізінде жазадан босатылды.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тарапқа моральдық зиян өтемі ретінде Таңатаровадан 1 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

ТАҢАТАРОВАНЫҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ

Бұған дейін абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп сот шешімімен кінәлі деп танылған Таңатарова сот үкімі үш ай бұрын шыққанын айтып, істің неліктен қазір қайтадан талқыланып жатқанын түсінбейтінін жеткізді.

«Қазір әлеуметтік желілерде менің рұқсатымсыз және адвокатымның келісімінсіз фотоларым, жеке деректерім және басқа да жеке ақпараттарым таралып жатыр. Бұл жарияланымдарға менің ешқандай қатысым жоқ. Кей адамдар мұны назар аударту немесе хайп үшін жасалған әрекет деп бағалауы мүмкін, бірақ бұл материалдар менің келісімімсіз жарияланған», – деп жазды Танатарова.

Ол сондай-ақ өзінің жеке деректерін заңсыз таратқан тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

МӘН-ЖАЙЫ

Еске салайық, сот Сымбат Таңатарованы бұрынғы әріптесі Қанат Ершанмен болған оқиғадан кейін кінәлі деп таныған болатын. Ершан жанжал кезінде Таңатарова басқарған көлік капотында қалып, кейін құлап, ауыр жарақат алған.

Сот оған алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық негізінде ол жазадан босатылды. Сонымен қатар, жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін Таңатаровадан 1 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Back to top button