Жаңалықтар

ЖСДП: Басқа партияның бәрінің бизнеске қатысы бар, ал біз бірден-бір солшыл партиямыз

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс XXV съезі өтіп жатыр. Съезде сөз сөйлеген партия төрағасы Асхат Рахымжанов ЖСДП-ның елдің саяси кеңістігіндегі орны мен басқа саяси бірлестіктерден идеологиялық ерекшеліктеріне тоқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Партия бағдарламасы – сайлауалды уәделер жиынтығы емес, ұзақмерзімді реформалар жоспары. ЖСДП өкілдері өздерін бірден-бір солшыл партия деп атаса, қалған партиялардың қалай болғанда да бизнеске қатысы бар санайтындарын айтты.

”Мемлекеттік билік өкілдерін сайлау ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ олардың қабылдаған шешімдерінің орындалуын бақылап, нақты нәтижені талап ету қажет, – деді ЖСДП өкілдері.

Сондай-ақ ол партияның пікірінше, социал-демократиялық құндылықтар жекелеген саяси күштердің мүддесінен кең екенін және халықпен көпжылдық тәжірибелік жұмыстың негізінде қалыптасқанын атап өтті.

Өйткені партиялар арасында әлеуметтік теңдік – бос ұран емес екенін айтатын жалғыз социал-демократиялық партия қалды. Бұл – біз ұмтылып отырған мақсат, оған қол жеткізуіміз керек,-деді Рахымжанов.

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. ЖСДП съезінде делегаттар партияның сайлауалды платформасын талқылап, сайлау науқанына қатысатын кандидаттар тізімін бекітуде.

Back to top button