Депутаттыққа барам деп сынға іліккен Аша Матай желіде жазба жариялады
“Аша Матай” атымен белгілі әнші Ақбота Асқарбекова халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелген соң желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Қазақстан халық партиясының съезіне қатыстым. Бұл мен үшін жай ғана ресми қатысу емес – саналы түрде жасалған қадам әрі өмірімдегі маңызды кезең. Мен Құрылтайға кандидаттардың партиялық тізіміне ендім және бұл – үлкен жауапкершілік. Партияның әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың мүддесін қорғау және қоғаммен ашық диалог орнату қағидаттары маған жақын. Бұл – мен жұмысымда да, өмірлік ұстанымымда да бөлісетін құндылықтар. Медиа және шығармашылық сала маманы ретінде өз тәжірибемді әріптестеріме бөлісуге, команданың әлеуетін күшейтуге және партияның коммуникациялық жұмысын дамытуға өз үлесімді қосуға дайынмын. Сонымен қатар мен үшін тек өз білімім мен тәжірибемді бөлісу ғана емес, жаңа сын-қатерлерді қабылдап, үздіксіз үйреніп, кәсіби тұрғыдан дамып отыру да маңызды.
Жүйелі жұмыс, адалдық және халықпен тікелей байланыс арқылы ғана нақты өзгерістерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Ең бастысы – ел игілігі үшін, халқымыздың мүддесі жолында қызмет ету”, – дейді ол.
Бұл жазбасын әнші орыс тілінде қалдырған. Сол үшін ескерту жазған оқырмандары болды. “Депутат боласыз ба, жоқ па шаруам жоқ, бірақ алғашқы постыңызды неге қазақша жазбайсыз” деп жазғандар бар.
Күні кеше депутаттыққа үміткер болып тіркелген әнші, халыққа Аша Матай атымен танымал Ақбота Асқарбекова Tizgin.kz тілшісінің «Депутат болғанда қандай мәселелерді шешесіз?» деген сұрағына жауап берген еді.