Forbes әлемдегі ең бай блогерлерді жариялады

2026 жылы әлемдегі ең ірі 50 инфлюенсер бір жыл ішінде жалпы көлемі 1 млрд доллардан (470 млрд теңгеден астам) астам табыс тапқан. Бұл туралы әлемдегі ең табысты блогерлердің рейтингін жариялаған Forbes журналы мәлімдеді, деп жазады Tizgin.kz
Рейтингтің көшін америкалық блогер MrBeast (Джимми Дональдсон) бастады. Ол бір жылда 300 млн доллар (141,09 млрд теңге) табыс тауып, аудиториясын 873 миллион жазылушыға жеткізген.

MrBeast табысының негізгі бөлігі YouTube-тен бөлек, өзінің Feastables және Lunchly брендтерінен, Viewstats аналитикалық платформасынан, Beast Industries компаниясынан және Amazon Prime платформасындағы Beast Games шоуынан түседі.
Екінші орынға мотивациялық видеоларымен танымал Dhar Mann жайғасты. Оның бір жылдық табысы 65 млн долларды (30,57 млрд теңге) құраған.

Үздік үштікті The Diary of a CEO подкастының жүргізушісі әрі кәсіпкер Стивен Бартлетт түйіндеді. Ол бір жылда 52 млн доллар (24,46 млрд теңге) тапқан.

Ал алғашқы бестікке ойын блогері Markiplier мен Rhett & Link дуэті де енді.
Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең табысты 10 блогер:
- MrBeast – 300 млн доллар (141,09 млрд теңге);
- Dhar Mann – 65 млн доллар (30,57 млрд теңге);
- Стивен Бартлетт – 52 млн доллар (24,46 млрд теңге);
- Markiplier – 38 млн доллар (17,87 млрд теңге);
- Rhett & Link – 37 млн доллар (17,40 млрд теңге);
- Codie Sanchez – 31 млн доллар (14,58 млрд теңге);
- Mark Rober – 30 млн доллар (14,11 млрд теңге);
- IShowSpeed – 30 млн доллар (14,11 млрд теңге);
- Druski – 20 млн доллар (9,41 млрд теңге);
- Charli D’Amelio – 18 млн доллар (8,47 млрд теңге).
Рейтингке сондай-ақ Khaby Lame, Marques Brownlee, Jacksepticeye, Ms. Rachel, Stokes Twins, Nick DiGiovanni, Nara Smith және басқа да танымал контент авторлары енген.
Forbes мәліметінше, соңғы бір жылда әлемдегі ең ірі 50 блогердің жиынтық табысы 20 пайызға өсіп, 853 млн доллардан 1,02 млрд долларға жеткен. Ал 2022 жылы жарияланған алғашқы рейтингпен салыстырғанда өсім 80 пайызды құраған.
Басылымның жазуынша, бүгінде инфлюенсерлер әлеуметтік желімен ғана шектелмей, жеке бизнесін дамытып, медиа нарығында ірі ойыншыларға айналып келеді.