ЕрекшеЖаңалықтар

ШҚО-да диплом алған университет түлегі бойшаңдығымен елді таңғалдырды

Университет түлегінің бойы — 2 метр 5 сантиметр.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен диплом табыстау салтанатында көпшіліктің назарын ерекше аударған түлектердің бірі – Қазақстандағы ең ұзын бойлы студенттердің бірі Аяжан Амангелдиева болды. Оның бойы — 2 метр 5 сантиметр, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «Шығыс Ақпаратқа» сілтеме жасап.

Аяжан Амангелдиева 2004 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Отбасында 5 қыз. Балалық шағы туған қаласында өтіп, ата-анасының қолдауымен ерте жастан спортпен айналыса бастаған. 2022 жылы ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне оқуға түсіп, студенттік өмірін бастады.

Аяжан – волейболдан спорт шеберлігіне кандидат. Ол әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанып, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген.

Back to top button